Қазақстанда күн жылынады
Қазақстанда күн жылынады
Фото: publicdomainpictures.net
171
оқылды

Батыстан жылы жел соғып, ауа температурасы көтеріледі.

Солтүстік өңірлерде 0-5 градус, оңтүстікте 10-15 градус жылылық орнайды. Түркістан облысында ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі. Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батысында антициклон әсерінен температура төмендейді. Түнде -5 градус аяз, күндіз -3-ке дейін Маңғыстау облысында 10 градус жылылықты көрсетеді.

Еліміздің солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.