Марқұм ағасының асына келген 4 адам қайтыс болды – видео
Марқұм ағасының асына келген 4 адам қайтыс болды – видео
341
оқылды

Кеше түске таяу Түркістан облысына қарасты Келес ауданы Ұшқын ауылындағы  бір үйден 4 адам газдан уланып қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Олар ағайынды 1972 және 1974 жылғы азаматтар мен 1964 жылғы әйел. Олардың арасында 2017 жылғы бала да бар. Ол Шардара ауданынан осы үйге бір күн бұрын қонаққа келген екен. Ағайынды Кукебаевтар Шардара қаласында жұмыс істеген және сол жақта тұрады. Бір апта бұрын осында тұратын туған ағалары Ерлан Кукебаевтың қырық күндік асын өткізуге келіпті.  3 бөлмеден тұратын  үйде қолдан жасалған табиғи газ арқылы жылытуға бейімделген темір пеш орнатылған. Үйдің ортасындағы бөлмеде  екі жағында бөлме орналасқан. Тұрғын үй табиғи газ желісіне қосылған. Өрт белгілері анықталмаған. Пештің түтін шығару құбыры гофра түтікшесімен қабырға арқылы горизонтальді бағытта орнатылыпты.   https://youtu.be/5SUKwUYuVRs   Газ жабдығына уақтылы техникалық қызмет көрсету және жұмысқа қабілеттілігін тексеруге келісім шарт жасалмаған. Қолдан жасалған жылыту қондырғысын өз бетінше қосқан. Рейдтік іс-шара жүргізу барысында аталған үйде камин пешін пайдаланып жатқаны анықталып, «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының Түркістан филиалы өкілдерімен ескерту жасалған, камин пеші алынып, газ жүйесінен ажыратылыпты.

Тиісті сала мамандарының айтуынша, бұл үйде тұрғындар тұрақты тұрмайды екен. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, газдың шығу және өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.