«Кредит өздігінен жойылады» деп тұрғындарды алдаған екі әйел ұсталды
«Кредит өздігінен жойылады» деп тұрғындарды алдаған екі әйел ұсталды
Фото: azattyq-ruhy.kz
127
оқылды

Полицейлердің дерегінше, 19 және 30 жастағы күдіктілер тұтынушылық және тауарлық несие алуға «көмектескен».

«Күдіктілер жәбірленушілерді интернет арқылы алдаған. Олардың 8 алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды. Хабарландыру сайты арқылы клиенттерге «тауарлық несиені рәсімдегеннен кейін бұл туралы ақпарат еш жерде жазылмайды және қарыз өздігінен жойылады» деп уәде берген. Мысалы, олар миллион теңгеге несие алса, оның 100 мыңын зардап шеккендерге беріп, қалғаны өздерінде қалған, – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.
[caption id="attachment_173005" align="aligncenter" width="1125"] width= Фото: Polisia.kz[/caption] Факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөліміне сәйкес тіркелді.

Бұған дейін мүгедектікке шығарып беремін деген алаяққа сенген екі әйел миллион теңгесінен айырылғанын жазған болатынбыз.