Ақтөбе облысында екі оқушыны көлік қағып кетті. Екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Бірінші оқиға 26-қараша күні Алға қаласында тіркелді. Сағат 12:40-та Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі Есет батыр көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 жастағы жеткіншек Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ 27-қараша күні дәл осындай жағдай Қандыағаш қаласындағы Жамбыл көшесінде тіркелді. Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі Қандыағаш қаласындағы №5 орта мектептің жанында 2011 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз бала Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына жатқызылды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.