Жамбыл облысының полицейлері 28 жастағы жүргізушіні ұстады.
Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, 23 қарашада Таразда BMW жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол апатынан 18 жастағы жігіт қайтыс болды. Полицейлер күдіктіні ұстады. ЖКО фактісі бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы – «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» жөніндегі 345-бабы және «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» туралы 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.«Жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.