Түркістан облысында тұрғын үйден 4 адам өлі күйінде табылды
Түркістан облысында тұрғын үйден 4 адам өлі күйінде табылды
© egemen.kz
215
оқылды
Қайғылы оқиға 28 қарашада сағат 12:30-да болған, деп хабарлады Otyrar.kz. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушыларға куәгерлерден Келес ауданының Ұшқын ауылындағы тұрғын үйден 4 адам, соның ішінде бір баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. ТЖ бөлімі қызметкерлері келген соң оқиға орнында 47 және 49 жастағы ағайынды ер адамдар көз жұмғаны белгілі болды. Әйел мен 3-4 жастағы баланың денесін адам танымады. Өлімнің алдын-ала себебі — улы газдан улану.  Үй иелері ескі пешті табиғи газға қостырған. Бұған дейін 9-қабаттан 28 жастағы әйел 3 баласымен секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.