Давид Дегтярев пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды
Давид Дегтярев пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды
©REUTERS
187
оқылды
Қазақстандық парапауэрлифтші Давид Дегтярев әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ұлттық паралимпиада комитеті. Қазақстандық спортшы 178 кг салмақты көтеріп, бірінші орынға ие болса, екінші орынды Қытай спортшысы Ян Джилан иемденді. Естеріңізге сала кетейік, пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты Тбилиси қаласында 27 қараша – 6 желтоқсан аралығында өтеді. Чемпионатқа Қазақстан тарапынан 26 паралимпиадашы аттанды, оның алтауы жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысады.