Алматыда сейф ұрлағандар видеоға түсіп қалған
Алматыда сейф ұрлағандар видеоға түсіп қалған
Алматыда екінші қабаттағы кеңседен сейф ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
"Сейфте 1,5 миллион теңге болды. Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Біреуі 26 жаста, ал екіншісі – 28-де. Екеуі де бұрын осы сынды қылмыстар үшін сотталған", – дейді полицейлер.
https://www.youtube.com/watch?v=a0Fi9jb98HQ&feature=emb_title Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігімен ("Ұрлық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен") сотқа дейінгі тергеу басталды.