Автокөлік Сырдария өзеніне батып кетті, салдарынан бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 29 қараша күні таңғы сағат 04:20 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына хабарлама келіп түскен. Аталған хабарламада 27 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Daewoo Nexia көлігімен Алтын Орда көшесінің бойымен келіп, Сырдария өзенінің бөгетінен құлағаны туралы айтылған. https://www.youtube.com/watch?v=idtWJTOXlZc Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр, сараптама тағайындалды. Оқиға орнына ТЖД-ның арнайы техникалық құралдары, жедел-құтқару жасағы жетіп, суға батқан автокөлік өзеннен 9:00 шамасында шығарылды.