Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Yandex.kz
Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Аяз әкелген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығады. Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы Батыс циклоны келеді, онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады" делінген хабарламада.
Қазақстанның солтүстік жартысында 5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін Түркістан облысында 20 градусқа дейін күн жылынады. 2 желтоқсанда еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде -5 градус аяздан +5 градусқа дейін көтерілсе, күндіз -3 градустан +5 градусқа дейін жылы болмақ. Маңғыстау облысында ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ, республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.