Батыс Қазақстанда полиция іздестіріп жатқан ер адамның мәйіті табылды
Батыс Қазақстанда полиция іздестіріп жатқан ер адамның мәйіті табылды
Фото: almaty.tv
105
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болған. 39 жастағы ауыл тұрғыны 25 қараша күні түнгі сағат 01.00-де үйінен шығып кетіп оралмаған.

Іздестіру іс-шаралары барысында марқұмның денесі 27 қараша күні ауыл маңында Жайық өзенінің жағасынан табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Осы ауылдың 34 жастағы тұрғыны 23 қарашадан бері табылмай жатыр.

Бұған дейін Қызылордада Сырдарияға көлігімен суға батып кеткен ер адамды алып шыққанын жазған болатынбыз.