Қарағандыда трансформаторды ұрлап кеткен ұры ұсталды
Қарағандыда трансформаторды ұрлап кеткен ұры ұсталды
Фото: stolicaonego.ru

19 қарашада Қарағанды қаласының ПБ оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданған.

Жәбірленуші ер адам белгісіз біреу трансформаторды ұрлап кеткеніне шағымданды. Келтірілген шығын көлемі – 500 мың теңге. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдікті 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, айғақ зат тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін гараж ұрлап кеткен қызылордалық туралы жазған болатынбыз.