Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті күре жолды уақытша жапты. Себебі, бүгін сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін жарылыс жүргізіледі.
Сондықтан автокөліктің барлық түрі үшін республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолы жабылды.Департамент мамандары азаматтардан сапарды кейінге шегеріп, 112 қызметі жіберетін SMS хабарламаларға назар аударуды сұрайды.