Серік Сәпиев туралы фильм 1 желтоқсаннан бастап кинотеатрдан көрсетіледі

Серік Сәпиев туралы фильм 1 желтоқсаннан бастап кинотеатрдан көрсетіледі

Алматыда «Боксшы» спорт драмасының пресс-көрсетілімі өтті. Одан кейін фильмнің авторлары мен актерлері фильмнің түсірілімі туралы әңгімелеп берді.

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен Sataifilm компаниясы түсірген. Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың бұл жаңа фильмі Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы боксшы Серік Сәпиевтің шынайы оқиғасына негізделген. Сюжеттің көп жерінде оқиғалар сұхбат форматында берілген, онда Серік өмірінің елеулі сәттерін еске алып, спорттағы жолы қалай басталғаны, жеңілістері, жеңістері, арманының орындалғаны туралы әңгімелейді. Туындының режисері  Ақан  Сатаев фильмдегі Сәпиев рөлін  сомдаған Смадияр Сабыровты қалай таңдағандарын айтып берді.
«Басты рөлді сомдауға іріктеу кезінде 800-ден астам өтініш түсті.  Біз өз бас кейіпкерімізді ұзақ уақыт іздедік. Үміткер тек актер ғана емес, сонымен қатар боксшы болуы керек болды. Таңдау Смадиярға түсті.  Естеріңізде болса, Серік Сәпиев солақай, ал Смадияр оң қолмен өнер көрсететін боксшы. Оған біраз уақыт қайта жаттығуға тура келді. Менің ойымша, бұл актерге қызықты   тәжірибе болды»,  – деді режиссер Ақан Сатаев.
«Боксшы» фильмінің баспасөз көрсетілімінде Сатаев Серік Сәпиевтің өзі түсірілім жұмыстарына  қанағаттанғанын атап өтті. Режиссер фильмде Сәпиевтің өзін де көрсеткісі келгенін,  бірақ оның жұмыс кестесі тығыз болғандықтан мүмкін болмағанын айтты.

Смадияр Сабыров: бортсеріктен актерлік мансабына дейін

Фильмде басты рөлді сомдаған Смадияр Сабыров киноға қалай келгенін айтып берді. Бұған дейін ол әуе компанияларының бірінде бортсерік болып жұмыс істеген. Мамандығы – заңгер.
«Боксшы» фильмінің түсірілімінен бұрын да мен әртүрлі кастингтерге қатыстым. Соның бірі «Томирис» фильміне қатысты. Бұл фильмнің кастингіне шақыртуына қатты қуандым.  Кастинг режиссері болған Жайна Әбдиеваға көп рахмет. Түсірілім алаңында мені барлық жағынан қолдады», – деді Смадияр Сабыров.
Смадияр Сабыров бокспен бесінші сыныпта айналыса бастағанын айтады. Айтуынша, күні бүгінге дейін бұл спорт түрімен ара-тұра айналысып тұрады. Түсірілім барысында актер өзіне ең қиын болғанын айтты. Басты кейіпкердің ата-анасының рөлін  Бақтияр Қожа мен Ирина Әжмұхамедова ойнаса, жаттықтырушы Александр Стрельниковтың бейнесін театр актері әрі режиссері Игорь Ермашов сомдады. Режиссер сюжеттің негізгі қақтығыстарын ұзақ уақыт бойы іздегендерін, кейін бапкердің рұқсатымен оны қатаңырақ етіп көрсеткендерін айтады. Боксшы мен жаттықтырушының қалаға қайта оралуы режиссердің идеясы.

«Боксшы» фильмінің сценарийін Ақан Сатаев Тимур Жақсылықов пен Альмира Тұрсынмен бірге жазған, Серік Сәпиевтің өзі  кеңесші болған. Түсіру тобының айтуынша, аталған туынды 1 желтоқсаннан бастап прокатқа шығатын болады.

Алматы