Суретші Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала перзенті» көрмесі өтіп жатыр
Суретші Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала перзенті» көрмесі өтіп жатыр
827
оқылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала перзенті» жеке көрмесі ашылды.

Көрмеде монументалды кескіндеме жанрында орындалған суретшінің үздік 20 жұмысы ұсынылған. Іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күләйша Ақтаева «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында өтіп жатқан көрменің Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылғанын атап өтті.    width= «Егемендігіміздің мерейтойы тұсында Елбасы кітапханасы қалың жұртты еліміздің дарынды азаматтары мен атақты суретшілерінің туындыларымен таныстыруды жалғастырып келеді. Солардың бірі, Қазақ мемлекеттік көркемсурет академиясының түлегі, белгілі суретші – Нұржан Жасабекұлы. Оның шығармашылығындағы басты тақырып – Қазақстанның тарихи мұрасы. Сондықтан да экспозицияның едәуір бөлігі монументалды кескіндеме жанрында орындалған жұмыстарды қамтиды. Туындылардың арасындағы ең танымалы – «Ел тұтқа» картинасы. Түрлі түсті паннода Қазақстанның 117 көрнекті қайраткері бейнеленген. Оларды салуда автор белгілі тарихшы, әдебиеттанушы мамандармен кеңесіп, қазақ халқы шежіресінің кезеңдерін суреттеуге тырысқан. Көпшілік назарына ұсынылған монументалды жұмыстардың арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің суреттері мен ядролық полигонның жабылуы, астананың көшірілуі сияқты Елбасының мұрасымен тығыз байланысты, әлем сәулетіне де әсер еткен  іргелі идеялар кездеседі», – деді К. Ақтаева.    width= Нұржан Жасабекұлы – бүгінгі көрерменге тарихтың тереңдігін көрсете алатын қылқалам иесі. Суретші Қазақстан аумағында болған тарихи үдерістерді тұтас көрсетуге тырысады. Автордың жекелеген бейнелері тарихи дәуірлердің тақырыптарының ауқымды көрінісін көрсетеді. Оның шеберлігі композициялық құралдармен біртұтас сюжеттік серияларды құру қабілетінен байқалады.
«Біз – тамыры терең ержүрек халықпыз. Сондықтан да киелі шежіремізді, тарихымызға есімі алтын әріппен жазылған батыр тұлғаларымызды салған Нұржанның жұмыстарына риза боламын. Оның туындыларында ұлтымыздың болмысы, мәдениеті мен философиясы тұнып тұр. Осы орайда Нұржан Қарымсақовтың еңбегі аға буынды да қуантып, өскелең ұрпақты да тарих беттерімен таныстырады», – деді Қазақстанның халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.
Ұлы дала аумағындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдерінің сабақтастығы туралы толғаулар Н.Қарымсақовтың көркем шығармаларын терең тарихи зерттеулер дәрежесіне көтереді. «Шығармашылықтың арқасында еліміздің көптеген көрнекті қайраткерлерімен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Бұл қайраткерлердің қатарына суретшілер ғана емес, археологтар, ақын-жазушылар, тарихшылар да кіреді. Олардың шеберханасында керемет тәжірибе алып, ежелгі дәуірден бастап тәуелсіздік жылдарына дейінгі мемлекетіміздің тарихын терең зерделей алдым. Ұлт тарихындағы маңызды белестер маған серпін беріп, шабыт сыйлайды. Жұмыстарымның көрмесі Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтіп жатқанын мақтан тұтамын. Себебі бізге қымбат тәуелсіздіктің тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», – деді туындылардың авторы, суретші Нұржан Қарымсақов.    width=