Тұңғыш Президент күніне орай көрермен қандай телебағдарламаларды тамашалай алады?
Тұңғыш Президент күніне орай көрермен қандай телебағдарламаларды тамашалай алады?
167
оқылды

Qazaqstan телеарнасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірнеше деректі фильмді көрермен назарына ұсынады.

1 желтоқсаннан бастап «Бір күннің тарихы» атты деректі фильмдер циклы көрсетіледі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Әр қысқаметражды фильмде әр күннің, әр сәттің тарихы баяндалады. Қабылданған шешімдер, маңызды құжаттар, заңдар мен оған кімдердің атсалысқаны көрсетіледі. Сол жылдардағы оқиғаларға шолу жасалып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаттағы шешуші қадамдары баяндалады. Деректі фильмдер циклы 1-30 желтоқсан аралығында Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі. Сондай-ақ 14 сериялы «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» деректі фильмдер циклы көрерменге ұсынылады.