«Елбасы болмағанда Лондонның алтыны бұйырмас па еді?» – Илья Ильин
«Елбасы болмағанда Лондонның алтыны бұйырмас па еді?» – Илья Ильин
332
оқылды

Илья Ильин Есен Елеукенге берген сұхбатында Лондон Олимпиадасының алтынын қалай жеңгенін айтты. Даңқты ауыр атлетші Yesti Podcast-та Елбасының өзіне деген ықыласын есіне алды.

– 2009 – саяси шырмауы көп қиын жыл болды. Спортшы ретінде сезінген ауыр кезең өтті десем болады. Алайда, осы кезде сынып кетпеуіме Елбасы көп септігін тигізді. Ол маған сенім артты. Сол кездегі спорт саласының төңірегінде жүрген ағаларға, әріптестерге «Жігіттер, бұл батырға мен сенемін, көмектесіп, қолдап жіберейік, тұғырға шыққанда ол өз ісін дұрыс атқаратын болады» деді. Мұндайдан кейін менің қателесуге құқым жоқ, ел азаматы, спортшы ретінде өз міндетімді атқардым. Елбасының осындай демеуі арқылы мен жетістікке жеттім, – деді Илья Ильин. Сонымен қатар ол Елбасына қатысты арманымен де бөлісті. – Менің әрқашан бір арманым болатын. Елбасының кабинетіне арнайы барып, шай ішіп, асықпай өзім туралы, айналысып жүрген ісім туралы айтып, әңгіме-дүкен құрғым келеді. Менде ешқашан ондай мүмкіндік болған емес. Үнемі ресми іс-шараларда жолығамыз, сол сәтте ол маған ақыл-кеңесін атып, бағдар беріп отыратын. Десе де мен жеке кездескім келетін, – деді Илья Ильин. Сыр батыры оқталып, Елбасыға хат жазып, кездесу туралы өтінішін жеткізген екен. Мұны Тұңғыш Президент қабыл алыпты, алайда пандемияға байланысты кездесуді онлайнға, телефон арқылы сөйлесуге шақырған екен. Мұны Илья Ильин Есен Елеукенге берген сұхбатында айтты. https://youtu.be/V3013Ng7i7k