Қостанай қаласында биіктен құлаған қыз көз жұмды
Қостанай қаласында биіктен құлаған қыз көз жұмды
204
оқылды
Қостанай қаласында 5-қабаттан құлаған қыз көз жұмды, – деп хабарлайды Полиция департаменті. Ресми мәліметке сәйкес, 30 қарашада таңғы сағат 05.20-ның шамасында 102-ге жас қыздың бесінші қабаттан құлағаны туралы хабар түсті.
"Алдын ала тексеріс бойынша, 23 жастағы қыз бесінші қабаттан су ағатын құбыр арқылы төменге түскісі келген. Бірақ құлап кеткен. Ол жедел медициналық жәрдем келгенше қайтыс болды", – дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тексеріс шаралары жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.