1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ampravda.ru

«Қазгидрометтің» мәліметінше, батыс өңірлерде солтүстік-батыс циклоны әсерінен жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Еліміздің басым бөлігінде антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының солтүстік-батысында және орталығында тұман, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысының батысында тұман, облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел болады. Түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Өңірдің батысында, солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейетіні күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 28 м/с артады.