Шүлбі мен Өскемен су электр станциясы шетелдіктерге сатылады
Шүлбі мен Өскемен су электр станциясы шетелдіктерге сатылады
Фото: yka.kz
995
оқылды

Су электр станцияларына шетелдіктер иелік етпек. Энергетика министрлігі араб инвесторларына тиісті акцияның 75 пайызын сатуды көздеп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Шүлбі мен Өскемен СЭС-тері Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Екеуінің қуаты әртүрлі. Екеуіне де жөндеу жұмысы қажет. Инвестор таппай, шаруа реттелмейтін секілді. Еліміздің бас энергетигі жөндеу жасалса, станциялардың қуатын қосымша 500 Мегаваттқа дейін арттыру мүмкіндігі бар дейді. Қыруар ақшасын құюға арабтың бизнесмендері қызығып отыр екен. Бірақ екі станция толығымен шетелдіктерге берілмейді. Меншік құқығының 75 пайызы инвесторға, қалғаны мемлекетке тиесілі болмақ. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Энергетика министрі арабтардың айы оңынан туса, елімізде жалпы энергетика саласы дамып қана қоймай, Қазақстан экономикасына алты миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда түседі дейді.
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев: «Бұл жоба өте ұзақ талқыланды. Шүлбі станциясына жаңа тізбе қосу арқылы, оның қуатын 500 мегаваттқа тағы арттыра аламыз. Араб серіктестермен инвестиция тартуда қазір құны 6 миллиард АҚШ доллары болатын келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл қаржы тек су электр станцияларына  жұмсалмайды – жаңартылған энергия көздерін табуға, оңтүстікте газ генерациясына бағытталады», – дейді.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда жалақы орнына сүт берген туралы жазған болатынбыз.