Астаналық полицей Бауыржан Камалиев ұшақты тіркеп, сүйреп рекорд орнатты. Ол 42 тонналық Airbus ұшағын орнынан жылжытты. Полиция майоры өз жетістігін Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады.
Полицей ұшақты 10 метрге сүйреді. Бұған дейін рекордшы электровозды сүйреп әлемдік рекорд орнатқан. Ол жалпы салмағы 276 тонна болатын екі теміржол локомотивінің рельстерінен 10 метр қашықтық бойынша Гиннестің рекордын жаңартты. https://youtu.be/bIG06vlKzJgНұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Алматы» ауданы ПБ аға жедел уәкілі Бауыржан Камалиев қызметінде ауыр қылмыс түрлерін ашады. Балуанның алдағы жоспары – салмағы 350 тонна болатын жүкті тарту.