Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?
Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?
Фото: fotowalls.ru
176
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, солтүстік пен батыста ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп деп болжанып отыр.

Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Алдымен батыста, содан кейін өзге өңірлерге де ықпал етеді. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығыс жартысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Жел күшеюі – 15-23 м/с, боран, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Желтоқсанның алғашқы күндері күн жылынады. Солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды. Оңтүстікте түнде -2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін жылынады. Батыста ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде. Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклон әсерінен ауа температурасы төмендейді. Атап айтқанда, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін; солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін; Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5-13°С-қа дейін,күндіз 0,-5°С-қа дейін; Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массасының ықпалынан күн жылынады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін суық толқын қайтады. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деген болжам бар.

Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда күн жылынады. Күндізгі ауа температурасы +10°С-қа дейін болжанады. Айдың екінші және үшінші онкүндігінде солтүстікте қарлы боран соғады.