Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай қалалық Достық үйі ашылды
Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай қалалық Достық үйі ашылды
384
оқылды
Бүгін Алматыда қалалық Достық үйі салтанатты түрде ашылды. Бұл қаладағы этномәдени бірлестіктердің барлық өкілдері үшін үлкен маңызға ие болмақ. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ашылған қалалық Достық үйі этносаралық диалог, өзара іс-қимыл және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық алаңына айналады деп күтілуде. Бұдан былай қаладағы 36 этномәдени бірлестік осы бір шаңырақ астында болады. Кең де қолайлы жаңа ғимаратта дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау үшін барлық жағдай жасалған. 24 кабинет, конференц-зал, тіл сыныбы, би залы, медиация және қоғамдық келісім кеңесі кабинеттері, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмесі қарастырылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нұрия Ниязова Достық үйінің ашылуы қалалық этномәдени бірлестіктер үшін тарихи сәт болып табылатынын атап өтті. Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов ортақ шаңырақ астындағы этномәдени орталықтар мегаполистегі этносаралық келісімді сақтау үшін бұндай орындардың маңыздылыңы жоғары екенін айтты.
«Достық үйі – бұл біздің қоғамда орныққан үйлесім мен берік бейбітшілікті бейнелейтін символдық нышан. Сондықтан оның ашылуы қаламызда бейбітшілік пен келісімнің сақталуына ықпал ететін тағы бір фактор болуы тиіс. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің арасындағы бейбітшілік тұрақты экономикалық өсімнің, Әлеуметтік және мәдени прогрестің негізі болып табылады», - дейді А. Шардинов.