Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған депутат ақталып шықты
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған депутат ақталып шықты
© diapazon.kz
189
оқылды
Ақтөбе облысында сот облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Аркадий Ниді ақтап шықты, деп хабарлайды «Диапазон» сайты.
Бұрынғы депутатқа кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылған болатын. Алайда  кеше өткен сот отырысында Ниге жала жабылғаны анықталды. Сот сараптамасы жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғанын дәлелдейтін бірде-бір объективті айғақ таппаған. Аркадий Ни жаланың құрбаны болды. Сот анықтағандай, қыздың анасы танысы арқылы кәсіпкерге шығып, ақша алу үшін оны ауыр қылмыс жасады деп айыптаған. Бұған қоса, әйел өз қызын депутат оны зорлады, қысым көрсетті деп айтуға мәжбүрлеген. Сотта қыз оны ешкім зорламағанын мәлімдеді. Осылайша депутат пен оған көмектесті деп айыпталған әйел толығымен ақталып шықты. Ал қыздың анасы баласын қылмысқа итермелеп, жала жапқаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының кішкентай баласы барын ескеріп, жаза тек бес жылдан кейін орындалады.