Ақтауда салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты

үй
Фото: Lada.kz

Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде өрт шықты. Құрылысы бітпеген үйдің қасбеті өртенді.

"1 желтоқстанда сағат 12.30-да Ақтау қаласының 38 шағын ауданындағы "7 қазына" тұрғын үй кешенінің қасбеті өртенді", - деп хабарлады Ақтау қаласының әкімдігі.

Өрт 40 минуттаң кейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.