WBO Деметриус Андрадені қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте белбеуін қорғауға міндеттеді.
«Осы арқылы WBO қос тарапқа орта салмақтағы чемпиондық титул үшін міндетті жекпе-жекті өткізу үшін келіссөздерді бастау туралы нұсқау береді. Осы хабарлама жіберілгеннен кейін тараптарға келіссөздер жүргізу және келісімге келу үшін 20 күн беріледі», - делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.Айта кетейік, бұған дейін Әлімханұлы Лас-Вегаста өткен бокс кешінде француз Хассан Ндам Нжикамды сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.