«Үшіншісі қызық болады»: Головкин «Канеломен» жекпе-жегі туралы айтты
«Үшіншісі қызық болады»: Головкин «Канеломен» жекпе-жегі туралы айтты
Фото: m.ok.ru
149
оқылды
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі туралы сұраққа жауап берді. Оған "Канеломен" трилогия болуы мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.
– Бәрі мүмкін. Егер жекпе-жек болса, өте қызық болады. Үшінші жекпе-жек алғашқы екеуіне қарағанда әлдеқайда қызық болады, өйткені біз бір-бірімізді мұқият зерттедік, қалай жұдырықтасуды білеміз, бір-бірімізге арналған құпиямыз  бар. Не болатынын көрейік, бірақ мен бұл мүмкіндікке қарсы емеспін, – деді Головкин  El Nuevo Herald-ға берген сұхбатында.
Головкин мен Альварес екі жекпе-жек өткізді: біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде тең аяқталса, бір жылдан кейін мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. GGG 29 желтоқсанда Жапонияда орта салмақтағы WBA (Super) титулының иегері Риота Муратамен кездеседі.