Қазақстан азаматтарын Мысырдан кері қайтару үшін 23 әуе рейсі іске қосылады
Қазақстан азаматтарын Мысырдан кері қайтару үшін 23 әуе рейсі іске қосылады
Фото: tobolinfo.kz

Жуырда қазақстандық туристерді Мысырдан елге қайтару үшін 23 репатриациялық рейс іске қосылады, – деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстан туроператорлар қауымдастығының мәліметінше, қазіргі кезде 4 мыңдай Қазақстан азаматы Мысырда жүр.
«Қазіргі уақытта Мысырда шамамен 4000 турист бар. Олардың бәрі жақын күндері Air Astana әуе компаниясының 23 репатриациялық рейсімен Қазақстанға кері қайтарылады. Қазір Мысырдағы азаматтарға алаңдамауды және барлық санитарлық шараны сақтауды өтінеміз. Мысырға жаңажылдық тур сатып алған туристер бағытты өзгерте алады. Әуе қатынасы ашылғанға дейін қаражатын сақтай алады немесе ақшасын қайтара алады (қайтару – үш ай ішінде)» делінген ресми хабарламада.

Қазақстанда COVID-19 таралуын алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу енгізеді. Соның ішінде Мысырмен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.