Парламентте рақымшылық туралы заң қабылданды
Парламентте рақымшылық туралы заң қабылданды
Фото: prosports.kz
152
оқылды

Мақсат – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту.

Рақымшылық ардагерлер, кәмелетке толмағандар, қартайғандар, І-ІІ топтағы мүгедектерге жасалады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, еліміздегі 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар. Оның ішінде, 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеуде қамауда отыр. 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45 пайызы оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда жүр.

«Жоба бойынша 2292 сотталушыға, 11 753 пробацияда тұрған адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде, 1000 адам қамаудан бостандыққа шығады. 3881 адам пробациялық бақылаудан босатылады. 1330 сотталушы мен 7492 пробацияда тұрған адамның жаза мерзімі, сотқа дейінгі тергеудегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқартады немесе босатады», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жоқ.