Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-02.12.2021
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-02.12.2021
Фото: kolesa.kz

«Қазгидромет» 2-4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 2 желтоқсаннан бастап Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарына циклон әсер етеді. Сондықтан, қар жауып, боран соғады. Көктайғақ болады. 4 желтоқсан күні Қара теңіз аудандарынан соққан антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде ауа температурасы төмендейді. Батыста – 0...5 градус аяз, солтүстікте және орталықта – 5...15 градус аяз, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында 0...10 градусқа дейін аяз болады.