Алматыда жалған риэлторлықпен айналысқан әйел ұсталды
Алматыда жалған риэлторлықпен айналысқан әйел ұсталды
126
оқылды

Polisia.kz сайтының жазуынша А. есімді азаматша Алматыда пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыру беріп отырған. Алайда оның ұсынған бағасы нарықтағы бағадан едәуір төмен болған.

Ол осы әрекеті арқылы арзан бағаға қызыққан клиенттерімен кездесіп, жалға беру шартын жасаған. Шарт жасасу арқылы клиенттің сеніміне кіріп, төлемдерді алдын-ала жүз пайыз көлемінде алған. Артынан айтқан пәтерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан әзірге көрсете алмайтынын айтып алдаған. Арада бір-екі күн өткен соң байланысқа шығуды тоқтатқан.
«Күдікті қамауға алынды. Оған алаяқтық дәйегі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Істі қарау барысында оның кем дегенде осыған ұқсас тоғыз қылмысқа қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Әзірге келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мың теңгеден асты», – деді Жетісу аудандық ПБ бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Полицияның айтуынша, күдікті азаматшаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.