Елордада карантин талабын бұзған 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Елордада карантин талабын бұзған 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі
187
оқылды
Нұр-Сұлтанда COVID-19 бойынша үй карантинін бұзғаны үшін «қызыл» статусы бар 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
«Қызыл» статусы бар адамдар ПТР тестілеуінің оң нәтижесі анықталған күннен бастап 14 күнді қоса алғанда, өзін-өзі оқшаулауда (үй карантинінде) болуы керек. Осы уақыт аралығында олар вирустың белсенді таратушысы болып саналады және нәтижесінде айналасындағы адамдарға жұқтыру қаупі басым болады»  делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын карантиндік шектеу шараларын, оның ішінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарды үй карантинін бұзбауға шақырады.