Атырау облысында ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған әйел 7 жылға сотталды
Атырау облысында ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған әйел 7 жылға сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігі қаражатты криминалдық қолма-қол ақшаға айналдырудың кезекті дерегін анықтады. Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Н. Дәулетьярованың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері үлестес компаниялар – «Атырау Инвест Групп» ЖШС, «БР-Групп» ЖШС, «Ербек-компани» ЖШС атынан 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыс кәсіпорындарына жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырды. Осылайша, компанияларға 715 миллион теңгеден астам сомаға бюджетке салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен. Бас ұйымдастырушы Н. Дәулетьярова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, оның сыбайластары Р. Баткаев пен Б. Жүсіпов тиісінше 5 және 5,5 жылға сотталды. Бұл адамдар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару, сондай-ақ бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. https://www.youtube.com/watch?v=vEDqj97gAVk