Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полицей мен оның басшысы жұмыстан қуылды

Алматы
© видеодан алынды

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды, – деп хабарлайды  қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Алматы қалалық полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты К. Иманқұлов қызметінен босатылды.

Сондай-ақ оның тікелей басшысы – взвод командирі де қызметінен кетті. Сонымен қатар бөлімшенің тағы екі басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

«Заң барлығына бірдей және қатаң сақталуы тиіс. Кездейсоқ адамдарға біздің қатарымызда орын жоқ: мұндай заңсыз әрекеттерімен олар ерте ме, кеш пе, өздерін көрсетеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметке жүрек қалауымен келгендер ішкі істер органдарында қалады», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзған К.Иманқұловқа қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгін Алматы мен Алматы облысы шекарасында нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.