Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Валерьевич Шубинді экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура айыпталушыны экстрадициялау туралы неміс тарапымен келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.Олег Смоляков Шубин ақмолалық кәсіпкердің 170 000 еуро сомасын ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізу арқылы алаяқтық жолмен иемденді деп күдіктелуде.
Қазіргі уақытта Сергей Шубин Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.