Ұлттық музейде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жарқын болашақтың Нұрлы бастауы» атты көрменің ашылуы өтті.
Мақсаты – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі және өмір жолымен байланысты шынайы оқиғаларға негізделген көркемдік және деректік мәні бойынша бірегей жәдігерді көрермен назарына ұсыну.«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жарқын болашақтың Нұрлы бастауы» атты көрменің ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Атақты суретші Николай Яковлевич Третьяковтың 1960 жылы салынған «В начале Большого пути» картинасы бүгінгі көрменің басты туындысы болып отыр», – деді А. Мұхамедиұлы.Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп көрменің маңыздылығына тоқталса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы көрермен назарына ұсынылған туындының ерекшелігін жеткізді.
Тарихи шығарманың сюжеті №8 Кәсіби-техникалық училищенің түлегі Н. Назарбаевтың 1960 жылы Алматы облысы Шамалған ауылындағы отбасы мүшелерімен және жерлестерімен кездесу сәтіне құрылған. Кездесуге болашақ Президенттің қол жеткізген жетістіктері туралы баяндалған арнайы мақаланың «Дзержинецъ» газетінде жарық көруі себеп болды.
Н. Третьяковтың «В начале Большого пути» атты туындысы ұстаздары А. Черкасский мен Л. Леонтьевтің бейнелеу стилінің ықпалын көрсететін «импрессионистік» сипатта жазылған. Көрмеге Н.Ә. Назарбаевтың фотоқұжаттары да қойылды.