Бүгін әуе қатынасы тоқтады, Египетте қалған туристер елге қашан жеткізіледі?

Бүгін әуе қатынасы тоқтады, Египетте қалған туристер елге қашан жеткізіледі?

Жаңа Omicron штамы Қазақстанда таралмауы үшін ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды. Бұл туралы Индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына Air Astana және SCAT әуе компаниялары орындап келді. Әуе компанияларының ақпараты бойынша бүгінгі таңда Египетте 2800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 2021 жылғы желтоқсанның 3-10 аралығында аталған әуе компанияларының рейсімен елге жеткізіледі.
Бас санитар дәрігердің биыл 30 қарашадағы №51 қаулысына сәйкес, Египеттен келген жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан, 72 сағаттан аспаған ПТР тест тапсырып, анықтама көрсетуі тиіс.
Сондай-ақ, вакцина алған және тиісті анықтамасы бар болса да, 7 күнге оқшаулануы керек.

Рейстердің орындалатын күндері туралы толық ақпарат алу үшін жолаушылар турды немесе әуе билетін сатып алған мекемеге хабарласуы қажет.