Көкшетауда жүкті әйелдер тестілеуге қарсы шықты
Көкшетауда жүкті әйелдер тестілеуге қарсы шықты
Көкшетауда жүкті әйелдер шу шығарды. Даудың көтерілуіне себеп болған жай – 37 аптадан кейін әр бес күн сайын әйелдердің ПТР-тест тапсыруға міндеттелуі болып отыр. Бұл әйелдер босанғанға дейін жалғаспақ. Бұған наразылық білдірген әйелдер жай жүріп індет жұқтырамыз ба деп қауіптенетінін жасырмады. «Өйткені ауруханалар мен емханалардың сүзгі кабинеттерінде кезек бір үзілмейді. Ал олардың арасында ауру адамдар да болуы әбден мүмкін ғой» деседі олар. Дегенмен бас санитар дәрігердің ке­зекті қаулысымен жүкті әйелдер ПТР тапсыруға то­лықтай міндеттелді. Дәрігерлер осылайша ко­ронавирустың жүкті әйелдер арасында таралуы­ның алдын алмақ. Бірақ босануға шақ қалған әйел­дер «керісінше, жағдайды ушықтырып жатыр» деп санайды.

ПТР-і жоқ әйел фильтр кабинетінде босанды

Әр апта сайын ПТР-ден өтіп жатқан әйелдер егер мерзімі өтіп кеткен жағдайда босануға қа­был­­дан­байтынына да наразы. Айтуларынша, қа­ла­лық перзентханаға ПТР-дің болмауынан бір әйел фи­льтр бөлмесінде босануға мәж­бүр болған. «Менің жағдайым қиындаған соң баланы сақ­тап қалу үшін ауруханаға жатқызған. Демалыс күні болатын. Сондықтан перзентханаға кіргіз­бей, екі күн бойы фильтр бөлмесінде жаттық. Жа­­­нымда жатқан әйелдің де ПТР-тестілеуінің уа­қыты өтіп кеткен екен. Сол күні ПТР жа­сат­қаны­мен, оның нәтижесі тек дүйсенбі күні ғана дайын болатын еді. Ал айы-күні жеткен әйел сол фи­льтр кабинетте кәдімгі кереуетте менің қа­сым­да босанды. Перзентханаға жібермеді. Бұл деген сұм­дық қой! Ал оның денсаулығына зиян болған жағ­дайда не болмақ? Дәл осындай жағдай бас­қа­лар­дың да басына түсуі әбден мүмкін ғой», – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Айсана Жаң­бырбаева (есімін өзгертіп беруді өтінді).

ПТР-тестілеу вакцина салудың амалы ма?

Әйелдер індетке қарсы ПТР-тестілеуден өту ке­зінің өзінде коронавирус жұқтырып алу қау­пі­нің басымдығын жеткізді. Сондай-ақ бұл жүкті әйел­дерді вакцина салдыруға мәжбүрлеудің бір ама­лы деп санайды. «Әр апта сайын емханаға жүгіріп, ПТР-тесті­леуден өтуді талап етіп жатыр. Өзіміз зорға жүр­генде індет жұқтырып алсақ, не болмақ? Ем­хана­ның фильтр кабинеттерінде үнемі кезек болады. Ке­зекте тұрғанда адамдардың қайсысы науқас, кім­нің сау екенін кім біледі? Мұнымен қоса, ба­ла­ны перзентханада күтісетін серіктес адамға да әр үш күн сайын ПТР-тестілеуден өту міндеттел­ген. Әрі олар ақылы түрде тапсыруы тиіс. Әр тап­­­­сырғаны үшін бақандай сегіз мың теңге. Ме­ди­цина бізде тегін емес пе еді? Салықты төлеп жа­тырмыз. Мұның бәрі вакцина тапсыруға мәж­бүрлеудің амалы ма деген ой мазалайды», – дейді Анжелика Постельняк есімді қала тұрғыны. Ал дәрігерлер бұл шараның аурудың жүкті әйел­дер арасында таралуының шектеуге жасалған шара екенін түсіндіруге тырысты. «37 аптадан асқан соң барлық жүкті әйелдер әр бес күн сайын ПТР тапсыруға міндеттеледі. Қай­дағы кезек? Олар науқастармен бірге ортақ фильтр­де емес, жеке кабинетте тапсырады ғой. Бұл СЭС шыққан қаулыға сәйкес жасалып отыр», – дейді №1 қалалық емхананың акушер-гинекологі Марина Андреевна.

Жүкті әйелдер арасында коронавирус көбейіп кетті

Дәрігерлер осылайша жүкті әйелдердің ПТР-ге талап етілуінде таяқтың ұшын бас санитар дәрі­гер­дің қаулысына сілтеді. Мәселе жайлы Ақ­мола облысының Тауарлар мен көрсетілетін қыз­меттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау де­партаментінен білмек болдық. Өңірдің бас сани­тар дәрігері жүкті әйелдер арасында коро­на­вирустың көбеюі осы қадамға баруға себеп болға­нын жеткізді. «Өкінішке қарай, аяғы ауыр әйелдер арасында коронавирус инфекциясының көрсеткіші тым кө­бейіп кетті. Тек жыл басынан бері облыс аума­ғындағы 1 500 әйелден індет анықталды. Сон­дық­тан 37 аптадан бастап босан­ғанға дейін бар­лық жүкті әйелдерді ПТР-тестілеуден өткізуге мәж­бүр болып отырмыз. Бұл респуб­ликалық бас мем­лекеттік санитар дәрігердің №38 қаулысына сәй­кес жүзеге асырылып отыр. 37 аптадан 42 ап­таға дейін жүкті әйелдер босану кезеңінде болады. Егер ПТР-тестілеу кезінде вирус анықталған жағ­дайда олар модульдік ауру­ханаға жеткізіледі. Он­да әйелдер оқшауландырылып, тиісті ем-шара­лар жасалады. Мұның бәрі жүкті әйелдер мен медицина қызмет­керлеріне аурудың таралуы­ның алдын алуға бағытталған про­филактикалық шара екенін атап өткім келеді», – дейді Ақмола об­лы­сының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Ақмола облысы