Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Nur Otan: тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайды

Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауы өз жұмысының тиімділігін дәлелдеп келеді.

А.Ахметқазы А.Ахметқазы
Желтоқсан 3, 2021
Nur Otan: тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайды 1
1.3k
қаралым

Жыл басынан бері қоғамдық қабылдаудың көмегіне – 4700, ал депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары өткізген қабылдауларға 2 мыңнан астам адам жүгінсе, жартысына жуығының мәселесі оң шешімін тапты, қалған жартысына мәселенің мән-жайы түсіндірілді, кейбіреуінің өтініштері әлі орындалу үстінде.

Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындарды әсіресе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер толғандырады екен. Осы тектес шағымдар барлық өтініштердің 35 пайызын құрайды. Сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты түйткілдер (24 пайыз), жұмыспен қамту және еңбек даулары (9 пайыз), тұрғын үй және жер телімін бөлу туралы шағымдар (7 пайыз) көп.

Мәселен, биыл көмір тапшылығы жұртшылықты дүрбелеңге салғаны белгілі. Күздің қара суығында «қара алтынға» қол жеткізе алмаған Айыртау ауданының бір топ тұрғыны шарасыздықтан партияның аудандық филиалына жүгінді. Олардың көбі – әлеуметтік әлжуаз топтардан. Мәселен, Ольга Чанова мен Владимир Лепитенконың өздері мүгедек болса, Маргарита Шевцованың жұбайы мүгедек, өздері көпбалалы отбасы, Сәния Ахметова, Роза Садықбаева – жалғызбасты ана. Олар үшін көмірдің тапшылығы бір соққы болса, аспандап кеткен бағасын да қалталары көтермей пұшайман болды. Партия филиалының араласуымен «Альянс жолы» ЖШС-і директоры Александр Кондратов пен кәсіпорынның аудандық филиалының басшысы Ю.А.Ломакин мұқтаж жандарға 10 тоннадан астам көмірді тегін жеткізіп беріп, жұртшылықтың алғысын арқалады. Отын және көмір жеткізіп беру туралы бұдан басқа да көптеген тұрғындардың өтініштері қанағаттандырылды.

Ал осы ауданның Казанка ауылында тұратын жалғызбасты ана Гүлмира Төлендинова өз өтінішінде мал азығына қатысты мәселе көтерді. Бұл да – биыл ауыл тұрғындарының «бас ауырына» айналған қиындықтардың бірі.  «Әдемі Астық» ЖШС директоры Бақыт Құсайынов, облыстық мәслихат депутаты осы отбасыға өз атынан 1 тонна арпа жеткізіп берді. Айта кету керек, осындай шағымдар биыл көптеп түсті. Ақжар ауданына қарасты 200 шақты тұрғыны бар Айсары ауылы ауданның да, облыстың да орталығынан шалғай орналасқан. Әрі ауылға апаратын жолдың сапасы сын көтермейді. Қыстыгүні жолды қар басып қалған кезде айсарылықтар сыртқы әлеммен байланыссыз қалатыны – жылда қайталанатын үйреншікті құбылыс. Сондықтан олар «кәрі құда»  қыстың қамын жазда ойлап, мал-жан азығының қорын жинауды әдетке айналдырған.

Ал биылғы қуаңшылық пен қымбатшылық салдарынан олар не мал азығын, не қажетінше ұн сатып ала алмай тығырыққа тірелген болатын. Сол кезде олар аудандық партия филиалынан және аудандық мәслихат депутаты Жұмали Нұрмановтан көмек сұрауға мәжбүр болды. Нәтижесінде ауылға арзандатылған бағамен, атап айтқанда 7500 теңгенің 200 қап ұны (нарық бағасы – 8400 теңге) және әр үйге 2000 теңгеден  500 қап бидай кебегі жеткізілді. Аз қамтылған отбасыларға ұн тегін таратылғанын айта кету керек. Ал шалақындық зейнеткер Шолпан Рамазановаға бастауыш партия ұйымының араласуымен «Асыл Логистикс» ЖШС басшылығы шөп әкеліп берді.

Айта кету керек, партия филиалына тек өз қарақан басының қамын ғана емес, тұтас бір ауылдың, немесе ауданның мұң-мұқтажын ойлаған азаматтар да жүгінеді. Мәселен, Айыртау ауданының орталығы –  Саумалкөл ауылының, Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылының, Мамлют ауданына қарасты Коваль ауылының көшелерін жарықтандыру туралы өтініштер оң шешімін тапқанына ауылдықтар риза. Себебі, күз және қыс мезгілінде күн ерте батып, қас қарайған шақта көшеде жүру мүмкін емес еді. Әсіресе, екінші ауысымда оқитын балаларға мектептен үйге жету мұң болатын. Қазір жергілікті бюджет есебінен көшелерге жарық орнатылып, жарқырап тұр.  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Тоқсан би ауылына су колонкаларын орнатуды өтініп келген Лариса Борисенконың ұсыныстары оң шешімін тапқанына жерлестері риза.

Сонымен қатар жалғызілікті қарттар үй-жайларын жөндеу, аулалары мен бау-бақшаларын жинастыру, отын үю, су тасу, картоп қазу сияқты өтініштерін де білдіріп жатады. Олардың бірі де аяқсыз қалған емес. Мұндайда «жасотандықтар» мен волонтерлар әрдайым кез-келген көмекке әзір.

Сондай-ақ партиялықтар тек келген адамдарды қабылдап қана қоймай, өздері де елді-мекендерді аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажын сұрап біледі. Осындай жұмыс кезінде мұқтаж жандарға атаулы тұрмыстық-шаруашылық көмек көрсетіледі. «Ардагерлерді ардақтайық» партия жобасы аясында биыл қарттарды қолдау айлығында Ақжар ауданында 75 зейнеткер азық-түлікпен және ақшалай сыйлықтармен қамтылды.

Бұған қоса «Халыққа көмек» жобасы аясында тәжірибелі заңгерлер, нотариустар мен медиаторлар халыққа заңгерлік-консультациялық кеңес берумен айналысады. Биылдың өзінде олар 300-ден астам қабылдау өткізіп, 350 адамға тегін заңгерлік көмек көрсетілді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыс ары қарай жалғасын таба бермек.

Тегтер: Nur OtanЖаңалықтарөтініштұрғындар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзгерістерді барлық қазақстандықтар сезінеді – Ермек Әбдiрәсiлов

Қазақстанда үш айда 828 нәресте шетінеген

Кеншілер қаласындағы қайғылы оқиға

Көшірме шоулар көбейді

Мобильді қабылдауда маңызды мәселелер айтылды

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Балаларға базарлық

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»