Машина жасау саласы: мүмкіндіктер мен жетістіктер
Машина жасау саласы: мүмкіндіктер мен жетістіктер
©smkz.kz

2021 жылдың 22-23 қыркүйек айында Елордада Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы өткен болатын. Сол жиында Мемлекет басшысы машина жасаушыларға үндеу жасаған. Сонда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларды Қазақстандық машина жасаушылар IX форумының ашылуымен құттықтап, бұл жиынның отандық машина жасау саласындағы өзекті мәселелерді шешетін мемлекет пен бизнес арасындағы практикалық диалогтың жетекші алаңына айналғанын жеткізді.

[caption id="attachment_173697" align="alignnone" width="800"]машина ©smkz.kz[/caption]

– Пандемияға қарамастан отандық машина жасаушылар экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшылар қатарында тұр. Өнеркәсіп 24%-ға өсті. Бұл өңдеу секторының дамуына айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар өз хабарламамда 2025 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп экспортын 24 миллиард долларға дейін және еңбек өнімділігін 30%-ға дейін арттыру міндетін қойдым.  Осы мақсатта мемлекет индустриялық саясат туралы заң қабылдайды. Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын неғұрлым қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету механизмін бекітеді. Ішкі агроөнеркәсіптік және индустриялық саясаттың интеграциясы қамтамасыз етіледі, – делінген Мемлекет басшысының үндеуінде.

Онлайн форматта өткен Қазақстан машина жасаушыларының IX форумын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады. Бастысы форум жұмыс істеген жылдар ішінде өзін индустриядағы басты салалық оқиға ретінде танытты. Әрі мемлекет пен бизнестің бірегей диалог алаңына айнала білді. Өйткені форум аясында мемлекеттік органдар, шетелдік компаниялар мен отандық машина жасаушылар өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Панельдік пікірталастарда Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы, машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін базалық өндірістерді құру мен дамытуға, сондай-ақ қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында жергілікті қамтуды реттеу мен дамытуға назар аударылатын болды.

Осы жылдың өзінде машина жасау саласында жеткен жетістіктер зор. Атап айтсақ, осы жылдың 8 айында саладағы өндіріс көлемі 2020 қарағанда  24%- ға өсіп,  1,4 трлн теңгені құрады.    Ал ауыл шаруашылығы машинасын жасау – 50%, теміржол – 45%, электротехникалық – 28%, тау-кен металлургиясы және мұнай-газ саласы – 11% өскен. Оған қоса, бүгінгі таңда бұл салада 3 мыңнан астам кәсіпорын бар. Онда 119 мыңға жуық адам жұмыс істейді. [caption id="attachment_173699" align="alignnone" width="800"]машина smkz.kz[/caption] Жалпы индустрияландырудың 10 жылында машина жасауда 400 млрд теңгенің 135 жобасы жүзеге асырылды. Ал 2025 жылға дейін 160 млрд теңгеге  14 жобаны іске асыру жоспарда бар. Соның бірі – Германияға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылғаны. Еліміздің делегациясы Германияның жетекші өндірістік өңірлерінің бірі саналатын Бавария барған болатын. Ондағы мақсат – инновациялық жобалары бар технологиялық компанияларды Қазақстанға тарту. Кездесуде Бавария кәсіпкерлеріне еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Германиия бизнес-қауымдастығының өкілдері елімізге инвестиция құюға ниет білдіріп, Қазақстанға келуді де көздеген еді. машина – Мақсатымыз – осы технологияларды елімізге әкеліп, қазақстандық құрамы бар өндірістерді ашу. Сондай-ақ мамандарды даярлау, кәсіпорындарымызды цифрландыру мен роботтандырудың маңызы зор. Бүгінгі кездесулерге қатысушылардың өзара байланыс орнатып, осы жаңа технологияларды жақын арада Қазақстанда ендіруге мүмкіндіктері болады, – дейді ҚР Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.