Елордада 2022 жылы ЖЭО-3 іске қосылады
Елордада 2022 жылы ЖЭО-3 іске қосылады
© azattyq-ruhy.kz
Елордада құрылыс жұмыстары қарқынды дамып, халық саны жыл сайын еселеніп жатқандықтан жылудың жетпей қалу қаупі бар. Сондықтан қала әкімі келер жылы жылу электр станциясының жаңа нысанын іске қосу керектігін мәлімдеді. Бұл туралы ол ОКҚ-да мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ЖЭО-3 іске қосылған жағдайда 6 млн-ға жуық шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік пайда болмақ.
«Оның құжаттамасын біз түзетулерден өткіздік. Себебі бұрынғы жоспарда газдандыру көзделмеген. Сондықтан да біз қазір газбен де, көмірмен де жұмыс істейтін жобаны құрастырдық. Бұл жұмыс мемлекеттік сараптамадан өтті. Тиісті қаражат бөлінді. Келесі жылдың соңына дейін біз ЖЭО-3-ті қосуымыз қажет», - деді Алтай Көлгінов.