БҚО Полиция департаменті өзіне қол салған 20 жастағы полицейге қатысты пікір білдірді

БҚО Полиция департаменті өзіне қол салған 20 жастағы полицейге қатысты пікір білдірді

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті өзін атып өлтірген 20 жастағы полицейге қатысты пікір білдірді, деп жазады  «Мой город». Оқиға бүгін сағат шамамен 07.40-та Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында болды.

«Ғимаратты күзету тобында қызмет атқарған 20 жастағы полиция кіші сержанты бекітілген табельдік қарумен өзін-өзі атып өлтірді. Аталған полицей ішкі істер органдарында биылғы мамырдан бері қызмет атқарды. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың осы айына дейін әскери борышын өтеді,- делінген хабарламада.
«Ол қызмет бабында өзін жақсы қырынан көрсетті. Жақсы дайындалған.  Тәртіпті сақтаған, жұмысқа кешікпеген. Қызмет кезінде жазаға тартылмаған», -деп хабарлады ПД.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.