6 облыста ескерту жарияланды
6 облыста ескерту жарияланды
© stan.kz
175
оқылды
Еліміздегі 6 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 4 желтоқсанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 4 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, орталығында тұмантүсуі ықтимал. Жезқазғанда ретең түнде тұман түседі. 4 желтоқсанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді. 4 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді. 4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. 4 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.