Көлгінов "Омикрон" штамына байланысты елордаға қосымша шектеу енгізбеу үшін не істеу керектігін айтты

Көлгінов "Омикрон" штамына байланысты елордаға қосымша шектеу енгізбеу үшін не істеу керектігін айтты 1
© vedomosti.ru

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде пандемияға қосымша карантин шектеулерін енгізбеу үшін не істеу керектігін айтты, ҚазАқпарат. 

«Қаладағы эпидахуалға қатысты айтсам, біз жаз айларында «қызыл» аймақта болдық. 1600- ден астам науқас күнделікті анықталып отырды. Қазіргі уақытта жағдай біршама жақсарып, күніне 120-130 адам аясында тіркелуде. Қазір «сары» аймақтамыз. Бұған септігін тигізген, біздің ойымызша, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы. Себебі қазір біз 66 пайыздан астам ересек азамттарды вакциналаудан өткіздік. Ал екінші компонентпен жоспарланған ересек азаматтардың 61 пайыздан астамы екпе алды – 434 мың адам. Қараша айында ревакцинация басталды. Әзірге 1177 адам ревакцинациядан өтті», - деді қала басшысы.

Сондай-ақ, ол әлемнің ірі қалаларында «Омикрон» штамының кесірінен шектеулер қайта күшейіп жатқанын еске салды.

«Сонымен бірге, өздеріңіз білетіндей, «Омикрон» штамы пайда болғалы вирус мутациядан өтіп жатыр. Халықаралық аренада ірі қалалар мен мемлекеттерде қосымша шектеулер орнатылып жатыр. Осындай қосымша шектеулер орнатылмас үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз қажет. Сонымен бірге вакцинацияны әрі қарай жалғастырамыз», -деді Алтай Көлгінов.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.