БҚО-да 150 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды
БҚО-да 150 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды
170
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару дерегі бойынша «Компания Бурлингазстрой» ЖШС-не қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшысы Б.Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізген, осылайша 157 млн. теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Б.Өтегенов сотталды, сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды.
"Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары! Егер Сізге осындай деректер мен экономикалық және қаржы салаларында өзге де құқық бұзушылықтар белгілі болса, БҚО бойынша ЭТД +7 708 435 04 54 нөмірі бойынша Telegram және WhatsАpp-тағы онлайн-чат арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. Чат менеджерлердің балық пайдаланушылары үшін қол жетімді және 24/7 демалыссыз қызмет етеді. Барлық сұрауларыңызға кері байланыс аласыз", -делінген хабарламада.
https://www.youtube.com/watch?v=xB7YD8AKtlI