Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?
Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?
Фото: halqym.kz
211
оқылды

Синоптиктердің болжамынша алдағы үш күнде республика көлемінде ауа райы құбылмалы болады.

4-6 желтоқсанда атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр. Қар жауып, көктайғақ пен тұман болады. Елдің солтүстігінде бұрқасын көтеріледі. Батыста ауа температурасы түнде -5 градусқа дейін түсіп, артынан +3-ке дейін жоғарылайды. Күндіз -3 пен +5-тің аралығында болады. Ал солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді, түнде 3-11 градус суық, күндіз – 0-8 градус. Солтүстікте де температура төмендейді. Түнде 10-18, күндіз 5-13 градус аяз болады. Республиканың шығысы мен орталығында түнде -10-20 градус, күндіз – 0-10 градус. Оңтүстік пен оңтүстік-шығысында түнде -2 градус пен +7-нің арасында болады, ал күндіз 2-12 градус жылы. Нұр-Сұлтанда алдағы демалыс күндері күндіз 4-5 градус суық, түнде ауа температурасы 11-13-ке дейін төмендейді. Алматыда күн жылы, түнде 0 градус, күндіз +6-ға дейін жылы болады. Шымкент қаласында термометр бағанасы плюстан төмен түспейді. Түнде +4, күндіз +10-ға дейін жылиды.