Павлодар облысында мектепті өртемек болған тұрғын ұсталды

Павлодар облысында мектепті өртемек болған тұрғын ұсталды

Павлодар облысының тұрғыны бұрынғы әйелінен өш алмақ болып, ауыл мектебіне от қойған. Полиция қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізу нәтижесінде көрші ауылдың 34 жастағы тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

– Ер адамның айтуынша, ол 2 желтоқсан күні 03.20-да мас күйінде бұрынғы әйелі жұмыс істейтін мектепке барған.  Жұбайынан өш алу үшін мектептің кіреберіс есігінің сыртқы жағын дизель отынын құйып, өртеп жіберген. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мектептің кіреберіс есігі ғана өртенген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған 9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.