Криштиану Роналду футбол тарихында қалатын рекорд орнатты
Криштиану Роналду футбол тарихында қалатын рекорд орнатты
140
оқылды
"Манчестер Юнайтед" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 800-ші голды соғып, әлемдік рекорд орнатты. Криштиану Роналду әлемдік рекордтарды орнатуды жалғастыруда. Кеше түнде португалдық Манчестер Юнайтедте өз алаңында Арсеналға қарсы ойында дубль жасады. Бұл Криштианудың карьерасындағы 800 және 801-ші голдары. «Манчестер Юнайтедтің» ресми сайтының хабарлауынша, Криштиану Роналду кәсіби футболда мұндай көрсеткішке қол жеткізген алғашқы футболшы болды. Айта кетейік, мұндай көрсеткішке жету үшін  португалдыққа 1095 кездесу қажет болды, клубтық деңгейде 911 кездесу (686 гол) және өз елінің құрамасында 184 кездесу (115 гол).