Алматыда түрмедегі інісіне апиын тасыған тұрғын ұсталды
Алматыда түрмедегі інісіне апиын тасыған тұрғын ұсталды
Фото: Sputnik.kz
Түрмедегі інісіне темекімен бірге таблетка тасыған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде тергеу тұтқынындағы бауырына темекінің арасына жасырып, апиын тектес таблеткалар өткізбекші болған жігіт ұсталды. Мұндай нашақорлар арасында сұранысқа ие таблетканы түрмедегі бауырына тасымалдаушы Мәлік деген жігіт болып шықты.  width= Түрмедегі інісіне деген “бауырмашылдығын” есірткі заттарын тасымалдаумен білдірген жігіттің өзі де енді жазадан тыс қалмайтын болды.