22-26 қараша аралығында KASE Global секторында акциялармен сауда-саттық көлемі 432,5 млн теңгені ($1 004,5 мың) құрады. Аталған кезеңде KASE Global секторында жалпы сомасы 432,5 млн теңге немесе 1 004,5 мың АҚШ долларына шетелдік компаниялардың 10 450 акциясымен 518 мәміле жасалды, – деп хабарлады naryk.kz сайты.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:- US0378331005 (AAPL_KZ) Apple Inc. – жалпы сомасы 148,7 млн теңге немесе $345,5 мың болатын 41 мәміле;
- US0079031078 (AMD_KZ) Advanced Micro Devices, Inc. – жалпы сомасы 36,9 млн теңге немесе $85,5 мың болатын 15 мәміле;
- US0605051046 (BAC_KZ) Bank of America Corporation – жалпы сомасы 32,4 млн теңге немесе $75,1 мың болатын 53 мәміле.